Сұрақтар мен жауаптар

Новиган Нео препаратының құрамы туралы айтыңыз

Новиган Нео құрамындағы ибупрофен – жануарларға жасалатын дәстүрлі зерттеулер куәландырғандай, простагландиннің синтезін жаныштауға негізделген тиімді әсері стероидты емес қабынысқа қарсы препарат. Адамда ибупрофен ыстықты басатын әсерге ие, қабыныстық сипаттағы ауырсынуды және ісінуді төмендетеді. Сонымен қатар, ибупрофен АДФ және коллаген туғызған тромбоциттердің агрегациясын жаныштайды.

Новиган Нео қаншалықты жиі қабылдауға болады?

Егер балалар мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге бұл дәрілік препаратты қолдану үшін 3 күннен астам қажет болс, немесе симптомдар нашарлайтын жағдайда, дәрігердің консультациясын алу қажет.

Ересек адамдар, егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, немесе бұл өнімді 10 күннен астам уақыт қолдану талап етілетін болса, дәрігердің консультациясын алуға тиіс.

Тек қысқа уақытқа терапия үшін!

12 жастан асқан балаларда 3 күннен артыққа созылатын, ересек адамдарда қызуды емдеу кезінде 3 күннен астам немесе ауырсынуды емдеу кезінде 4 күннен астам созылатын шағымдар болған жағдайда, дәрігерге жүгіну қажет.

Неліктен Новиган Нео препаратына 12 жасқа дейінгі балалар үшін тыйым салынған?

Новиганның құрамында 400 мг ибупрофен бар, бұл доза мөлшері тек ересек адамға шақталған. Міне тап осы себептен жас шамасы бойынша шектеулер бар. 12 жастан кіші балалар үшін ибупрофен одан аз дозаларда көрсетілген. Ұсыныстамалар үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Кімге Новиган Нео қабылдауға болмайды?

Новиган Нео III триместрдегі жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Қабылдаудан бұрын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығу немесе маманның консультациясын алу керек.

Новиган Нео препаратын қабылдау кезіндегі сақтық шаралары қандай?

Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз.

Ересек адамдар мен дене салмағы 40 кг-нан басталатын балалар (12 жастағы және одан естияр) күніне 2-3 мәрте 1 таблеткадан (400 мг), таблетка сумен немесе сүтпен жылжыту керек.

Диспепсиялық әсерлердің өрбу тәуекелін төмендету үшін препаратты тамақ ішкен уақытта немесе одан кейін қабылдаған жөн. Қабылданатын дозалардың арасындағы интервал кем дегенде 6 сағат болуға тиіс және кез келген 24 сағаттық кезеңнің ішінде 3 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Новигана Нео қабылдауды қашан бастау керек?

Новиган Нео препаратын тұмау мен грипп симптомдары (бас ауыру, буындардың, бұлшықеттердің ауыруы, ыстық) байқалған кезде қабылдаған жөн.

Новиган Нео препаратының құрамында сондай-ақ ибупрофен бар басқа препараттардың алдында артықшылығы бар ма?

Қазақстандық нарықта ыстыққа және ауырсынуға қарсы әртүрлі көптеген препараттар бар.

Ибупрофен Еуропа мен АҚШ-та ауырсынуды емдеудің алтын стандарты ретінде белгілі.

Ибупрофен қызуды төмендететін, ауырсынуды басатын, қабынысқа қарсы әсерге ие.

Ибупрофеннің антипиретикалық әсері препаратты қабылдағаннан кейін 15 минуттың ішінде орын алатыны және 8 сағатқа дейін созылатыны дәлелденген.

Ибупрофеннің антипиретикалық әсері препаратты қабылдағаннан кейін 15 минуттың ішінде орын алатыны және 8 сағатқа дейін созылатыны дәлелденген.

Ресейлік нарықта ауырсынуға қарсы әртүрлі көптеген препараттар бар. Монопрепараттардың құрамында тек бір әсер етуші заттек, мысалы, ибупрофен болады. Ұштастырылған препараттардың құрамында 2 және одан артық әсер етуші заттектер болады.

Ибупрофен Еуропа мен АҚШ-та ауырсынуды емдеудің алтын стандарты ретінде белгілі. Бірақ, егер ауырсынуды спазм туғызған болса, спазмолитиктерді қосымша қабылдау қажет.

Новиган Нео препаратының бірегей құрамы бар. Новиганның құрамына 400 мг ибупрофен және 2 спазмолитик кіреді. Ибупрофен қызуды төмендететін, ауырсынуды басатын, қабынысқа қарсы әсерге ие. Спазмолитиктер спазмға әсер етіп, босаңсытатын әсер етеді.

3 компоненттің ұштастығы олардың әсерін өзара күшейтуге алып келеді және Новиган Нео препаратын ауырсыну мен спазмға қарсы әмбебап құрал ретінде көрсетеді.

Новиган Нео, тіпті егер ауырсыну спазмнан туындаған болса да, ауырсынуды еңсеруге көмектеседі!

Новиган Нео қалай қабылдау керек— тамаққа дейін бе, әлде одан кейін бе?

Диспепсиялық әсерлердің өрбу тәуекелін төмендету үшін препаратты тамақ ішкен уақытта немесе одан кейін қабылдаған жөн. Қабылданатын дозалардың арасындағы интервал кем дегенде 6 сағат болуға тиіс және кез келген 24 сағаттық кезеңнің ішінде 3 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.