Тұмау кезіндегі қызу
Әдетте жоғары температура ілестіретін суық тигендегі аурулар қыс мезгілімен байланыстырылады. Алайда, дене температурасын 40°С градусқа дейін көтеретін ауруға жазда да ұшырауға болады.
Сондықтан, біз сізге егер дене қызуынан құлауға тур келетін болса, не істеу керектігі туралы айтуды ұйғардық.
Ал әңгімемізді біщ дененің температурасы жоғары кезде істеуге болмайтын нәрселерден бастаймыз.
Созылмалы ауруландан зардап шекпейтін ересек адамның температурасын қауіпсіз 38-39°С градусқа дейін төмендеткен дұрыс.
Мұндай температура жағдайында организм инфекциямен табиғи жолмен күреседі және оған бұлай етуге бөгет жасаудың қажеті жоқ.
Егер температураны қалыпты 6,6°С градусқа дейін жасанды төмендетсе, инфекция ешқайда кетпейді, керісіінше, бүкіл организмге тарайды. Ал онда емделу ұзаққа созылады.
Тап солай қыша қағаз, спирт негізіндегі компрессорлар, су процедуралары секілді, температураны жасанды түрде көтеретін құралдарды пайдаланудан бас тартқан жөн. Сондай-ақ алкоголь, таңқурай қосылған шай, бал қосылған сүт және құрамында кофеин бар сусындар ішпеуге кеңес беріледі.
Организмнің жоғары температурамен күресуінің табиғи тәсілі қарқынды тер шығару болып табылады. Сондықтан, науқасты көрпеден қаптамаға қымтамаған дұрыс.
Жасанды ауа ылғалдандырғыштарды пайдаланбау керек. Тым ылғалды және жылы ауа организмге ауру туғызатын бактериялардың кіруіне көмектесуі мүмкін, бұл тек жағдаятты ушықтырады.
Бөлмедегі температураны 22-24°С деңгейінде сақтауға тырысыңыз. Егер науқас мұндай температура жағдайында ыстықтайтын және көрпені ашып тастайтын болса, мазаланбаңыз. Ең бастысы, бөлмеде өтпе жел болмауын қадағалаңыз.
Науқасқа тәтті емес морс немесе минералды су ішкізіңіз. Көп ішу керек, бастысы, сусындарда қант аз болуға тиіс. Әйтпесе, бүйректің асқынуы мүмкін.
Науқасты салқындату үшін арақпен немесе спиртпен сүртпеген жөн.
Спирт өте жылдам буланып ұшады және тек буларымен тыныстаудан жағығмсыз салдар туғызып қана қоймай, сонымен қатар организмнің салқындауымен қатерлі, бұл оны онсыз да шектеулі ресурстарын жылуды қалпына келтіруге жұмсауға мәжбүрлейді.
Мұндай шамадан тыс салқындаудың алғашқы нышаны қалтырау болады.
Жоғары температура (егер ол 40°С градустан асып шарықтамаса) өз өзінен тіпті де жамн емес.
Алайда, егер жоғары температура үш-бес күн бойы сақталса, онда оны төмендету тәсілдері туралы ойланатын кез келді.
Біріншіден, жылы (ыстық емес!) сұйықты мүмкіндігінше көбірек ішіңіз. Біраз уақытқа аяғыңызды суық суға салыңыз. Маңдайға, мойынға, білекке, шап тұсына және қолтық астына салқын компрессорлар қолданыңыз. Денеңізді сәл жылы сумен сүртіңіз. Суы жылы, біртіндеп салқындайтын ваннаға түсіңіз.
Қызуды басатын препараттар қабылдаңыз. Қолданудан бұрын, міндетті түрде нұсқаулықпен танысыңыз.
Төсек режимін қатаң сақтаңыз. Киім мақта-матадан жасалған, ылғалды оңай сіңіретін болуға тиіс. Мақта-мата сейсеп кигізілген жеңіл көрпе жамылу керек. Жастық тиісінше, мақта-мата жастық тысында болуға тиіс. Суланған іш киімді ауыстыруды ұмытпаңыз.
Ауру сізден және сіздің жақындарыңыздан аулақ болсын, ал ыстыққа тек көшеде және жағажайда шыдайтын болыңыз!