Тұмау мен грипп туралы нені білу маңызды?

Тұмау – тыныс жолдарының ауыр вирустық инфекциясы. Әдетте, тұмау кезінде температура қалыпты болып қала береді. Бүгінгі таңда тұмау туғызатын 100-ден астам әртүрлі вирус анықталған.

Егер грипті емдесе – онда ол екі аптадан соң, егер емдемесе – 14 күнде өтеді …

Күз келді және әрбір күз бен қыс сайын келетін аурулар туралы Сіздің есіңізге қайта салғымыз келеді. Олар тұмау және грипп. Бұл аурулардың профилактикасының маңызы зор және тұрақты қолданылатын кезде тиімді. Ал егер сіз сонда да ауырып қалсаңыз, онда дәстүрлі медицинаның кеңестері емделу уақытын 2-3 есе қысқарта алады және ауру анағұрлым жеңіл өткеріледі.

Сонымен…

Тұмау – тыныс жолдарының ауыр вирустық инфекциясы. Әдетте, тұмау кезінде температура қалыпты болып қала береді. Бүгінгі таңда тұмау туғызатын 100-ден астам әртүрлі вирус анықталған.

Грипп – жоғары температура мен тұмау кезіндегі секілді, бірақ анағұрлым ауыр нысандағы көріністерді ілестіретін ауыр вирустық инфекциялық ауру. Грипп кезінде пациенттің ахуалының елеулігі пациенттің жас шамасымен тура байланыста. Грипп науқасқа әдеттегі тұмауға қарағанда, анағұрлым ауыр зардап келтіреді. Симптоматикасы: тура тұмау кезіндегі секілді симптомдар, сондай-ақ жоғары температура, бұлшық еттердің ауырсынуы.

Грипп эпидемиясының пайда болуының жиі себебі маусымдық факторларға: суық және сыз ауа-райына (көктем мен күз), өтпе желге ұшырауға, ауа-райының күрт құбылуына байланысты иммунитеттің төмендеуінің себебінен вирустардың өршуі.

Грипп пен тұмаудың өзара айырмашылықтары бар, бірақ бірі, сондай-ақ екіншісі де мұрын мен ауыздың шырыш қабықшасында паразиттік жасайды және түшкіру, жөтелу, сөйлесу уақытында тамшылау жолымен, контакттық жолмен, адам пайдаланатын бет орамалдары, сүлгілер мен ыдыс-аяқ арқылы таралады.

Тұмау кезінде Грипп кезінде
мұрынның бітелуі, тұмаурату, тамақтың ауыруы, түшкіру, құрғақ жөтел, бас ауыруы, температура және басқа тұмау кезіндегі көріністер симптомдар тұмау кезіндегіге қарағанда, анағұрлым анық көрінеді: жоғары температура, интоксикация, қатты бас ауыруы, бүкіл сырқырайды немесе ауырады, жекелеген жағдайларда сананың күңгірттенуі пайда болады, біркелкі емес жүрек соғу, қан қысымы төмендейді

Профилактикасы. Қолжетімді әрі оңай:

Организмнің негізгі “қақпағын” (мұрын мен ауызды) берік “ілгекке” жабу қажет.

  • әр күні таңертең, көшеге немесе жұмысқа шығудың алдында, шайқасықтан азғантай өсімдік майын жалау (май көмейді жақсы майлауға тиіс) және сол маймен танауды майлау;
  • аршадан (өте күшті бактерицидтік әсерге ие) жасалған бұйымдар: моншақ, білезік, тарақ, ыстық ыдыс-аяққа арналған декоративті тұғырша немесе жай діңгектің кесекшесін сатып алу. Эпидемияның басында сондай моншақты, білезікті киюге, көйлектің жан қалтасында арша кесекшесін салып жүруге болады. Тамақ ішкен кезде ыстық тағамдарды сондай тұғыршның үстіне қою, және арша бөліп шығаратын фитонцидтер оның әсер ету өрісінде бр барлық вирустарды жояды. Жұмыс үстелінде профилактика мақсатында, сондай-ақ ыстық су құйылған стакан қойылған (жылу фитонцидтердің бөлініп шығуын күшейтеді) осындай тұғыршаны ұстаған пайдалы;
  • суықтан, сыздан және өтпе желден сақтану. Жылу, құрғақшылық – тұмауға қарсы ең жақсы амал;
  • дәмдеуіштер (даршын, насыбайгүл, қлампыр) қосылған ыстық шай ішу;
  • фитотерапия: қара ырғай гүлдері, алқа, мажыра, итмұрын, кәдімгі бүрген жемістері, ақжұла жапырақтары. Сондай-ақ жиындарды (мысалы, таңқурай жемістері мен жөке гүлдерінің қоспасын) қайнатуға болады;
  • С дәруменін ішу;
  • ыстық су ішу.күніне бірнеше рет ыстық су ішу. Бұл организмнен токсиндерді кетіруге көмектеседі. Салқын сусындар ішпеу;
  • көбірек тыныштық және тыныстау. Демалу, босаңсу, көбірек жату.

Емделу

Егер Сіз сонда да ауырып қалсаңыз, онда медициналық-санитариялық бөлімге терапевтр дәрігерге міндетті түрде қаралу қажет. Өздігінен емделу әрқашан дұрыс бола бермейді, өйткені тиімді емделу әдістемелері мен нақты адам үшін қарсы көрсетімдердің барлығы туралы білу мүмкін емес. Мысалы, сқазанның ойық жарасы бар пациентке аспирин ішуге болмайды. Пациенттердің бұл категориясының аспирин ішуі асқазаннан қан кету түріндегі қабыныстарға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, терапевт дәрігерге бару өте маңызды іс. Дәрігер қабылдауда бүкіл қажетті ақпаратты мұқият сұрастырады, Сізді қарайды және тап Сізге керек ем тағайындайды. Қосымша диагностикалау әдістеріне (жүректің ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы және т.б.) қажеттілік туындауы мүмкін.