Суық тигеннен болатын аурулары деген не?
Суық тигеннен болатын аурулар дәрігерге қаралмай, өз бетіңмен емдеуге болатын – тиісті вирусты «ұстаған» адамдардың басым бөлігі солай істейтін сирек аурулар тобына жатады.
Бірақ, бұлай ойлау тек тұмау жеңіл нысанда болатын, жылдам өтетін және сізде қабыныстарға тән мазалайтын симптомдар туғызбайтын жағдайларда ғана орынды. Тұмауды қалай өз бетіңмен емдеу және, егер проблемалар туындаса, дәрігерге уақытылы қаралу керек?
Өз бетіңмен емдеуге болатын тұмау мен денсаулықпен елеулі проблемаларға (бронхит, пневмония, ларингит және т.б.) ұласуы мүмкін тұмаудың арасындағы шекара қайда? Сізді келесі симптомдар мазалауға тиіс:
- Айтарлықтай көтерілген (38,5 астам) температура. Тұмау кезінде температураның сәл көтерілгені ештеңе етпейді, бірақ егер ол көрсетілген шамаға жетсе, сізге дәрігерге қаралу керек.
- Қатты қалтырау және ыстықты ілестіретін тер шығу.
- Бастың, құлақтың, көздің тұсындағы қатты ауырсыну. Бірнеше сағат бойы басылмайтын ауырсыну.
- Байқалатындай демікпе.
- Зорланған және қатты жөтел, қақырық, тамақтың қатты тырнаған ауырсынуы, тамақтың кез келген байқалатын қабыныстары.
- Сананың шатысуы, бағдарды жоғалту, қатты бас айналуы сезімія.
- Тұмаудың тым ұзақ ағымы: егер бір аптадан соң, 10 күннен соң өтпесе, онда қабыныстардың ықтималдығы жоғары.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда сізге дәрігерге дереу жүгінген дұрыс. Барлық, соның ішінде суық тигеннен болатын аурулар мен олардың қабыныстары уақытылы қаралған жағдайда емделеді
Тұмауды емдеу
Тұмауды емдеу – барлық дерлік жағдайлар үшін бірдей нақты симптомдарды: жоғары температураны, жөтел мен мұрын бітелуді емдеу.
Жоғары температура. Дене температурасы кез келген инфекциялық ауру кезінде көтеріледі және вирустарды бейтараптандыру үшін қажет заттектер өндірілуінің нышаны болып табылады. Біздің міндетіміз – организмге артық қызудан айырылуға мүмкіндік беру, температура жоғары кезеңде организмді қолдау. Ол үшін тұмаумен күрес бойынша екі негізгі ұсыныстама бар:
- Көбірек су ішу. Тер шығу процесінде жылу «кетеді», демек организмде тер шығу үшін ресурстар жеткілікті болуға тиіс: сұйықты көбірек ішіңіз, бұл орайда, өзіңіз неғұрлым көп терлеген сайын, соғұрлым көп ішуге тиіссіз. Тек су ғана емес, жалпы кез келген сусындар жарайды, жақсы амалдар: кепкен жемістен жасалған компот, итмұрын тұнбасы, минералды су, көк шай және т.б.
- Бөлмені желдетіп отырыңыз. Өзіңіз жайғасқан бөлмеде ауа мен сіздің тәніңіздің арасында жылу алмасу барынша жақсы болуы үшін, қоңыржай салқын болуға тиіс. Маңызды: бұл денеіңізді шұғыл салқындату (мұз, суық ванналар және т.б. пайдалану) керек дегенді тіпті білдірмейді, керісінше, мұндай шаралар тамырлардың спазмын әкеліп соғуы мүмкін, ал бұл денсаулық үшін өте қауіпті. Бөлмеге салқын ауаның кіруін қамтамасыз еткен және өзіңіз суықтан дірілдемеуіңізді баққан жеткілікті.
Жөтел. Жөтел организмнің бронхыларда жинақталған, көлемі организмнің ауру туғызған вирустан арылуға талпынуының себебінен ұлғайған қақырықтан арылуға тырысуынан РВИ симптомы ретінде пайда болады. Біздің жөтелге және қақырық көлемінің ұлғаюына қатысты міндетіміз оның құрғауын жол бермеуден тұрады. Ол үшін сіз мүмкіндігінше көп сұйық ішуге және жақсы желдетілетін бөлмеде болуға тиіссіз.
Мұрын бітелуі. Тыныс органдары вирустық инфекцияға ұшыраған кезде, атап айтқанда мұрын бірінші болып жауап қатады, сондықтан мұрынның бітелуі әдетте АРВИ алғашқы симптомдарының бірі болады. Мұрында сілемей бөлініп шығады, оның құрамында вирустарды өлтіретін және вирус пен тыныс жүйесінің (тамақтың, бронхылардың, өкпенің) арасында өзіндік бөгет ретінде қызмет ететін заттектер болады. Суландыру және керекті көлемде сілемей бөлу қабілетін қолдау болып табылады. Оған сізге жоғарыда қарастырылған әдістер – жеткілікті сұйық көлемін ішу және бөлмеде салқындықты сақтау көмектеседі. Медикаменттерге келетін болсақ, сілемейді құрғататын, оның түзілуін жаныштайтын мұрынға арналған тамшылар – онша жақсы емес идея. Мұрынға арналған суландыратын майлы тамшыларды немесе әр сағат сайын 2-4 тамшыдан тамызу керек болатын дәріханалық физиологиялық ерітіндіні (тұз қосылған су – 1 л қайнаған суға 9 г тұз) пайдаланыңыз.
Рецептсіз сатып алынатын дәрілерді олардың мақсаттары мен сіздің өзіңіздің не сезетініңізге орай таңдау керек. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
- Ауырсынуды басатын
- Қызуды басатын
- Мұрын бітелуге қарсы
- Жөтелге және тамақтың аурына қарсы
- Жалпы нығайтатын.
Әртүрлі топтардың бірнеше препаратын бірден қолдану ахуалыңызды жақсартпақ түгіл, тіпті нашарлатуы мүмкін: көбіне олардың құрамында бірдей компоненттер болады – және ондай компоненттердің жлпы дозасы шамадан артық болуы мүмкін. Тек дәрігер кеңес берген препараттарды қолданған жөн.
Және соңғы ұсыныстама жалпы өзін өзі сезінуге қатысты: өзіңізге төсек режимін, демалысты қамтамасыз етіңіз. Егер ең болмағанда, азғантай мүмкіндік бар болса, 2-4 күн жатыңыз. Бұл сіз мызғымай жатып алуға тиіссіз дегенді білдірмейді, бірақ сізге жақсылап ұйқы қандырған, тәуліктің ең болмағанда 50% бөлігінде горизонталды қалыпта, жылуда және тыныштықта болған дұрыс. Ол күндері демалыңыз, дұрыс тамақтаныңыз (сорпалар, жеңіл ас), емделіңіз. Толық, оның үстіне үнемі ілесетін стрестерге толы жұмыс күні жылдам сауығуға септеспейді! Өз организміңізге ауруды еңсеруге мүмкіндік беріңіз: жатып тынығыңыз, жаақындарыңыздан сізге көмектесуін өтініңіз. Барлық ұсыныстамалар орындалатын кезде, қабыныстардың мүмкіндігі барынша аз, дегенмен, ештеңені нақты айтуға болмайды. Егер ахуалыңыз нашарлайтын болса, дәрігерге жүгініңіз.
Дерекөз zdravo.by